Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы «__»_______ № ____ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
1. Осы
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес
әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру
ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Білім
беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңға осы Қағидаларға, өзге де нормативтік
құқықтық актілерге сәйкес, білім беру қызметін көрсету үшін білім алушылардың
ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырады.
3.
Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымының басшысы бұйрығының негізінде іс жүргізіледі.
4. Сыныптарды
даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл
ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.
5. Білім беру ұйымдарына білім
алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары білім
беру қызметін көрсету үшін балалар немесе білім алушылардың ата-аналарымен және
өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.
6. Білім алушыларға және білім алушылардың
ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдеріне осы Қағидалармен, жергілікті атқарушы органдар
бекітетін білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығы
берілетін лицензияға, білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларымен және білім беру процесін ұйымдастыруды
регламенттейтін басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік беріледі.
7.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасының немесе өзге заңды
өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультацияның
(ПМПК) қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Баланың немесе білім алушының ата-аналары және өзге де заңды
өкілдері білім алу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар.
9. Білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартқан жағдайда білім алушының ата-аналары немесе
басқа заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша жергілікті білім басқармаларына
шағымданады.
2 бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта
білімнің
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
тәртібі
10. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне
қарамастан білім беру ұйымының аумағында туратын барлық балаларды қолжетімділігімен ағымдағы күнтізбелік
жылы алты жасқа
толатын барлық
балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте білім алушылардың
ата-аналары мен заңды өкілдеріне басқа
да білім беру ұйымдарын таңдау құқығы беріледі.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау
үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің
көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);
4) 3x 4 көлеміндегі фото -
2 дана.
Бастауыш білім беру ұйымының бірінші
сыныбына баратын балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдын 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында
жүргізіледі.
11. Балаларды
мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназия, лицейлерден басқа бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде, емтихандар, тестілеулер,
сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған
немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы
басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.
12. Білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білім берудің жалпы білім
беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы,
жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымының
аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
13. Жалпы орта білім берудің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы
және он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының аумағында тұратын
білім алушылардың қол жетімділігімен және білім алушының жеке өтінішінің не олардың
ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаты болғанда жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау негізгі орта
білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.
14. Білім алушыларды гимназия, лицейдің оныншы және он бірінші сыныптарына
қабылдау гимназия, лицейдің жарғысына сәйкес білім алушының жеке өтінішінің не олардың
ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік
үлгідегі құжаты болғанда жүзеге асырылады.
15. Гимназиялар және лицейлер білім беру
ұйымының аумағында тұратын білім алушылардың қол жетімділігімен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында
айкындалған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін білім алушыларға жалпы
білім беретін сыныптарды құрады.
16. Мамандандырылған
білім беру ұйымдарына қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады.
17. Мамандандырылған
білім беру ұйымдары оқуға қабылдаудың қосымша конкурстық турларын белгілейді.
Білім алушыларды іріктеудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, ауыстыру және бітіру тәртібі аталған білім беру ұйымының жарғысына сәйкес
жүзеге асырылады.
________________________________________
17.04.2018-ғы № 11-2/353 шығыс хаты 18.04.2018-ғы № 3210 кіріс хаты |
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1.
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №27-28,
375-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі қағидаларының 10-тармағы бірінші бөлігінің қолданысқа енгізілуі тоқтатыла
тұрған кезеңде мынадай:
«10. Бастауыш білімнің
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне
қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын балалардың қолжетімділігін қамтамасыз
етіп барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз
етеді.» деген редакцияда
қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев