Текст
«Ұстаз – ұлттың ұлы тұлғасы, болашақтың бағбаншысы»
Бүгін мектебіміздің қабырғасы ерекше жылулық пен қуанышқа толды. Шәкірттер өздерінің аяулы мұғалімдеріне арнап «Жүректен жүрекке» атты мерекелік алғыс акциясын өткізді. Бұл күн – білім нәрін сеуіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік нәрін егетін ардақты ұстаздарға құрмет көрсетудің жарқын сәті болды.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
