"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №15 негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа №15 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ»

06.04.2018

№1 шығарылым

5-6 наурыз 2018 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуін түсіндіру бойынша

әдістемелік құрал

 

 

 

«ПРЕЗИДЕНТТІҢ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ»

 

 

МАЗМҰНЫ

 

I. ҚАЛЫПТАСҚАН

МЕМЛЕКЕТ - ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ............... 3

 

II. ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК

БАСТАМАСЫ.......................... 4

2.1.Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»............................................................................4

2.2. Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».................................................................................................5

2.3. Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» ............................................................................................5

2.4. Төртінші бастама: «Шағын несие беруді

көбейту»...............................................................................................7

2.5. Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді

жалғастыру».........................................................................................8

 

III. ЕЛ БІРЛІГІ. МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ, АЗАМАТТАР ҮШІН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ..............................................................................................9

 

IV. ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ. Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТЕКСТЕ.............................................................................9

 

 

 

I. ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ - ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ. Қазақстанның өз азаматтары үшін жаңа әлеуметтік пакетке әзірлігі.

Тәуелсіз Қазақстан қалыптаса бастаған сәтінен бастап

әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде құрылды. Бұл постулат алғаш рет 1990

жылы мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда жарияланып, 1991 жылы «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда

пысықталған және ел Конституциясында 1995 жылы біржола бекітілген.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және

мәдени құқықтарына кепілдік беріп, өз саясатын барлық әлеуметтік таптар мен

топтардың мүдделерін ескерумен құрады.

Әлеуметтік өркендеудің қазақстандық моделінің

ерекшеліктері бастапқыда қаланып, кейінгі жылдары жетілдіріліп, толықтырылып

отырды. Елдің әлеуметтік саясатының негізгі құрауыштары:

1.     Адами капиталға үміт арту. Ел тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ адами капиталды арттыру үшін

жағдайлар жасау мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде жарияланды;

2.     Әлеуметтік кепілдіктердің беріктігі. 1991-1995 

жылдары алғашқы, ең ауыр «күнкөріс кезеңін» еңсерген соң, мемлекет

ешқашан бұл қағидасынан айныған жоқ. Еліміз екі жаһандық дағдарысты бастан

өткерді, бірақ бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақылары, зейнетақылар,

шәкіртақылар, әлеуметтік жәрдемақылар жүйелі төленіп қана қоймай, үнемі өсіп

отырды;

3.     Әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік әріптестік.

Қазақстанда әлеуметтік әділеттілік мемлекеттің өзінің

барлық азаматтары үшін әл-ауқатын дамыту мен өсірудің тең мүмкіндіктерін

ұсынуынан көрініс береді.

Қазақстанның азаматтар үшін жаңа әлеуметтік пакетті іске

қосуға әзірлігі - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік жаңғыру

саясатының жалғасы. Бұл әлеуметтік мемлекетті нығайту және ел халқының сенімді

болашағы үшін үлкен қадам.

Президенттің әлеуметтік бастамалары әрбір қазақстандық

отбасы үшін маңызды болып табылатын іргелі құндылықтар кешенін қамтиды:

•        өз табысына

лайық баспана алудың қолжетімділігін;

•        салық

жүктемесін азайту есебінен жұмыс істейтін адамдарға еңбекақысын көтеруді;

•        жастар үшін

жақсы және қажетті білім алу мүмкіндігін кеңейту;

•        кәсіпкерлік

бастамаларды дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту;

•        тұрғын

үйлерді газдандыру есебінен өмір сүру сапасын арттыру.

 

II. ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

 

2.1.Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

МАҚСАТ:азаматтардың тұрғын үй алу бойынша мүмкіндіктерін кеңейту.

Бұған келесі негізгі

міндеттерді іске асыру жолымен қол жеткізуге болады:

1.          

Несие бойынша мөлшерлеме белгілеу – жылына 7% аспайтын;

2.          

Несиелендіру кезінде бастапқы жарна деңгейін белгілеу – 20% аспайтын;

3.          

Ай сайынғы төлемдер көлемін төмендету үшін несие беру мерзімін 25 жылға

дейін арттыру;

4.          

Ұлттық банк, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске

қосу;

5.          

Ұлттық банк жанынан арнайы компания құру, оның мақсаты 1 трлн. теңгеден кем

емес қаражат тарту және оларды жоғарыда аталған шарттармен банктер ұсынған жаңа

ипотекалық несиелерді сатып алуға бағыттау.

Осындай өршіл жобаларды іске асыру үшін Қазақстанда

барлық мүмкіндіктер бар. 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша «Нұрлы жер»

тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруды ескерумен  барлық қаржыландыру көздері есебінен 11,2

млн. шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл жылдық жоспардан 111% құрады және 2016

ж. осы кезеңдегі көрсеткіштен 6,2% артық болды.  

Мемлекет басшысының бастамалары аясында ұсынылатын

шарттар халық үшін әлдеқайда табысты екенін ескере отырып, тұрғын үйге

тұтынушылық сұраныстың біршама артуы күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанның құрылыс индустриясы белсенді

дамып келеді. Нарықта тәжірибелі және өзін-өзі көрсеткен компаниялармен қатар

жаңа компаниялар да бар. Бұл  перспективасы

зор бастаманы іске асыру үшін жеткілікті әрі тексерілген ресурс бар екенін

білдіреді.

Бұдан өзге, миллиондаған қазақстандықтардыңтиімді

шарттармен тұрғын үй алу мүмкіндіктері пайда болуымен қатар, аталған бастаманы

іске асыру тұрғын үй құрылысы индустриясын дамытуға тың серпін береді, себебі

шағын және орта бизнес қарқынды даму үшін қуатты стимул мен зор мүмкіндіктерге

ие болады,  осылайша, мыңдаған жаңа жұмыс

орындары құрылады. Бұлар тұрғын үй құрылысы үшін қажетті материалдар жасайтын

компаниялар, жиһаз компаниялары, құрылыс саласында түрлі қызметтер ұсынатын

компаниялар және т.с.с.

Тұрғын үй құрылысы өз кезегінде жаңа инфрақұрылым:

мектептер, балабақшалар, сауда орталықтары және т.с.с. құрылысын ынталандырады.

Осылайша, бастама жалпы бүкіл ел экономикасының одан әрі

өсуі үшін зор мультипликативті әсер береді.

 

2.2. Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»

Мақсаты:Жалақыны арттыру үшін салық салуды төмендету әлеуметтік

әділеттілікті нығайтуға жасалған маңызды қадам.Негізгі міндеттер:

1. Жалақысының көлемі біршама төмен жұмыс істейтін

қазақстандықтарды қолдау;

2.  2019 жылдың 1

қаңтарынан бастап айына 25 еселік ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайтын

еңбекақы алатындар үшін салық жүктемесін 10 есеге - 1% дейін азайту;

3. Босаған қаражатты жалақысы аз халық тобының

еңбекақысын арттыруға бағыттау.

Нәтижесінде, еліміздегі жалдамалы жұмысшылардың ең кемі үштен

бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жұмыс берушілерге жүктемені арттырмай-ақ

жалақысы өседі. Төмен еңбекақы алатын жұмыскерлер үшін салықтарды төмендету -

әлеуметтік әділеттілік жолындағы маңызды қадам. Мұндай қадам халықтың сұранысын

ынталандырады, бұл елдегі ЖІӨ өсіміне әкеледі.

Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу

мүмкіндіктерін зерделейтін болады.

 

2.3. Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Мақсаты:Студенттер үшін жаңа пакет, ол ұлттың әлеуеті мен

бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.Негізгі міндеттер:

1.     2018-2019 оқу жылында қосымша20 мың грант бөлу;

2.     Инженерлік мамандықтар, ақпараттық технологиялар,

робототехника, нанотехнологиялар саласындағы мамандар бойынша түлектер санын

арттыру;

3.     Білім беру сапасын арттыру мақсатында техникалық және

ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу орындарында жаңа

гранттар құнын ұлттық жоғары оқу орындарында гранттар деңгейіне дейін арттыру;

4.     Орта мектептер түлектерін жоғары біліммен қамтуды арттыру;

5.     Жоғары оқу орындары мен колледжердің студенттерін

жатақханалармен оларды мемлекеттік-жекешелік серіктестік шарттарымен салу

арқылы қамтамасыз ету. 2022 жылдың соңына дейін 75 мыңнан кем емес орындық

студенттерге жаңа жатақханалар салу қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндер, елдер арасындағы

бәсекелестік Қазақстанның үдемелі инновациялық және техникалық дамуына бағдар

берді. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында негізгі басымдық бізде

білікті кадрлардың тапшылығы байқалып отырған техникалық мамандықтарға берілуі

тиіс.

Мемлекет басшысы айқындаған қосымша 20 мың гранттан

2018-19 оқу жылдарында 11 мың грант техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды,

5 мыңы - басқа мамандықтар бойынша бакалаврлардыоқытуға, 3 мыңы - магистратура

бағдарламасына және 1 мыңы докторантураға бөлінеді.

Дәл осы жас мамандарға ел экономикасын жаңа деңгейге

көтеріп, оның үдемелі инновациялық дамуының драйверіне айналу міндеті

жүктеледі.

Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарында 530 мыңнан

астам жастар, оның ішінде 30% жуығы мемлекет бөлген гранттар бойыншабілім

алады.

Президенттің гранттар санын арттыру бастамасы мыңдаған

талантты жас қазақстандықтарға, мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарына түсіп,

білім алуға мүмкіндік береді.

Жалпы, аталған шаралар мемлекеттік гранттарда білім

алатын студенттер санын 30%-дан 38%-ға дейін арттыруға, ал техникалық

мамандықтарда мемлекеттік гранттар бойынша білім алатындар санын екі есеге, 4

жыл ішінде 50 мың адамға, 2017-2018 оқу жылдары 48 мыңнан2021-2022 оқу

жылдарында 92 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары

бойынша бұрын бөлінген гранттар құнын ұлттық ЖОО-лар деңгейіне дейін көтеру

қарастырылған – 635 800 теңге/грант. Бұл инфрақұрылымды дамыту, оқыту

бағдарламасын және жоғары оқу орындарының оқытушылық-профессорлық құрамын

жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызуға жол ашады.

Тағы бір өзекті мәселе студенттерді баспана

инфрақұрылымымен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет үшін өңірлерден

қалаларға білім алу үшін келетін жастарға жағдайлар жасау міндеті маңызды.

Республика бойынша өзге қалалардан келген студенттердің жалпы саны 204 869 адамды

құрайды, оның ішінде 101 614 білім алушыға жатақхана қажет. Студенттердің

жатақхана орындарымен қамтылуы 66% құрайды.

Анықтама:Жатақханаларға мұқтаждардың ең көп саны негізінен Алматы – 22 703

студент, Астана қалаларында – 7707 студент, Қарағанды облысында – 5072 студент

мемлекеттік жоғары оқу орындарында, сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Оңтүстік

Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында байқалады.

Осылайша, мұқтаж студенттерді баспанамен қамтамасыз ету

тек мемлекеттік-жекешелік серіктестік қағидаларын қолданумен жаңа

жатақханаларды салу есебінен мүмкін болады.

Мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігі алгоритмін

әзірлеу, типтік құжаттамаларды, инвестициялар бөлігінің орнын толтыру әдістерін

дайындау (инвестициялық және пайдалану шығындарын өтеу), сонымен қатар

инвесторлар үшін займдық қаржыландыруды арзандату шаралары бойынша жұмыстар

жүргізіледі.

Осы міндеттерді іске асыру үшін Үкімет заңнамалық актілерге,

ҚР 2016-2019 жылдарға арналғанБілім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік

бағдарламасына қысқа мерзім ішінде толықтырулар енгізеді. 

 

2.4. Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»

Мақсаты:дамудыңжаңа

кезеңінде ұлттың кәсіпкерлік рухын нығайту.

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік жаңғыруының негізгі

катализаторының бірі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл аударды.

Шағын бизнес құбылмалы үрдістер жағдайларында 

жылдам өзін-өзі қайта ұйымдастыруға, бейімделуге және икемделуге қабілеттілігін

көрсете отырып, үдемелі әлеуметтік-экономикалық өсудің іргетасы және кепілі

болып табылады.

Аталған бағытта тұрақты түрде тиісті жұмыстар атқарылады.

Кәсіпкерлікті ынталандырудыңаса тиімді тетігі шағын несиелендіру және «Бастау

Бизнес» жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқыту болып табылады.

Мысалы, 2017 жылы 15 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы

бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған, ал 573-тен астам өзін-өзі жұмыспен

қамтыған және жұмыссыз азаматтар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында жұмыспен қамту шараларымен

қамтылды.

Бағдарламада қарастырылған 32 млрд. теңгенің 27 млрд.

теңгесі ауылдық жерлерге бағытталған. Нәтижесінде 7,2 мың шағын несие, оның

ішінде 6,8 мыңы - ауылдық жерлерде берілген. Осының арқасында өткен жылы 4,5

мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 

Қол жеткізілген нәтижелердің негізінде, ағымдағы жылдың

негізгі міндеті кәсіпкерлік ортаны одан әрі дамыту болып табылады. Сондықтан

мемлекет 2018 ж. шағын несиелендіруді қаржыландыруды 41,8 млрд. теңгеге дейін

ұлғайтты (30,8 млрд. – ауылдық жерлерде, 11 млрд. – қалаларда), ал биыл тиісті

оқу бағдарламасымен 30 мың адам қамтылатын болады.

 

 

Сонымен қатар, қосымша 

20 млрд. теңгені бөлу есебінен шағын несиелендіру бағдарламасын

қаржыландыру көлемі биылғы жылы 50%, яғни62 млрд. теңгеге дейін арттырылады:

•        оның ішінде

14 млрд. теңге ауылдарда несиелендіруге, оның ішінде 10 млрд. теңге –ірі

өңдеуші ауыл шаруашылығы кәсіпорындары айналасында зәкірлі кооперацияны

дамытуғажұмсалады, бұл өнімді кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді;

•        қалған 6

млрд. теңге қалаларда несиелендіруге бағытталатын болады.

Қалалар мен ауылдар үшін шағын несиелер лимиттері қайта қарастырылады:

•        қалаларда

шағын несиенің орташа көлемі және ауылдарда зәкірлі кооперация жобалары үшін - 6,5

млн. теңгеден аспайды.

•        ауылдардағы

басқа жобалар үшін - 3,5 млн. теңгеден аспайды.

Нәтижесінде шағын несиелендірумен жалпы қамту 14 мың

адамнан асады, бұл 2017 жылғы деңгейден екі есе артық.

Аталған шаралардың арқасында, шағын несиелендірумен қамту

біршама кеңейіп, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, бұл ресми емес жұмыспен

қамтылған халықтың үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

2.5. Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»

МАҚСАТЫ: Азаматтардың өмір сапасын

арттыру үшін ел өңірлерін газдандыру мен газбен қамтуды ұзақмерзімді дамыту.

Бұған келесі

негізгі міндеттерді іске асыру арқылы қол жеткізіледі:

1.          

Қызылорда (Қараөзек) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты

бойынша магистральдық газ құбырын салу бойынша жобаны іске асыру;

2.          

Тиісті қаржыны,оның ішінде халықаралық қаржы институттарынантарту;

3.          

2,7 миллион адамды табиғи газбен қамтамасыз ету;

4.          

Шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін құру;

5.          

Жаңа жұмыс орындарын құру;

6.          

Өңірлерде қажетті инфрақұрылымды дамыту;

7.          

Экологияны жақсарту (Астана қ. атмосфераға зиянды қалдықтарды шығаруды 6

есеге немесе жылына 35 мың тоннаға төмендету).

Қазақстан өңірлерін газдандыру - мемлекеттік ауқымды әрі

әлеуметтік маңызы бар жұмыс бағыттарының бірі, ол халықтың өмір сүру сапасын

арттыруға оң ықпалын тигізеді.

Соңғы жылдар ішінде бүкіл газ саласын жаңарту және дамыту

үшін күрделі әрі ауқымды жұмыстарды жүргізу мүмкін болды. Бүгінде газ-көлік

және транзиттік инфрақұрылым ең жоғарғы техникалық деңгейде. Осының арқасында,

халық отандық газбен қамтамасыз етіледі, жылыту маусымы ойдағыдай жүргізіледі.

Осы  тәуелсіздік

жылдары елімізде газ өндіру жылына 8 миллиард текше метрден 52 миллиард текше

метрге дейін артты және одан әрі арта бермек.

Бүгінгі таңда елімізде халықты газдандыру деңгейішамамен 50%құрайды.

Табиғи газбен тұрақты түрде еліміздің 8 миллионнан астам тұрғыны, Қазақстанның

10-нан астам өңірінде 35 мыңға жуық кәсіпорын (Алматы қ., Ақтөбе, Алматы,

Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік

Қазақстан облыстары)қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда орталықтандырылған газбен қамтуға халықтың

және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың қолжетімділігін қамтамасыз етудің ең

жоғарғы деңгейі еліміздің батыс өңірлерінде байқалады.

Мұның барлығы Қазақстанның инфрақұрылымын белсенді

дамытуға, озық технологиялар трансферін іске асыруға мүмкіндік береді,

экономиканың инновациялық дамуына ықпал етеді, еңбекке қабілетті халықтың басым

бөлігінің жұмыспен қамтылуына кепілдік береді және әлеуметтік саланы дамытады.

Жалпы, Қазақстан өңірлерін газдандыру елдің энергетикалық

қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, экологиялық жағдайды жақсартады және

экономикалық өсім үшін қосымша мүмкіндіктер тудырады.

 

III. ЕЛ БІРЛІГІ. МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ, АЗАМАТТАР ҮШІН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Мемлекет басшысының барлық бес бастамасының нақты

параметрлері бар. Олар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға

бағытталған, нақты мәселелерді шешеді. Олардың барлығы 2022 жылға дейін іске

асырылуы тиіс.

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп оларды іске асырудың

тетіктерін жан-жақты пысықтайтын болады. Парламент депутаттары тиісті заңнамаға

қажетті өзгерістерді енгізеді.

Аталған бастамалардың нақты маңыздылығын ескере отырып,

оларды тиімді іске асыру бойынша тәсілдерді кеңінен талқылау қамтамасыз

етіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы

конституциялық норманы жаңа нақты мазмұнмен толықтырады.

 

IV. ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ. Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТЕКСТЕ 

 

 

 

Шикізаттар құнының жаһандық суперциклінің аяқталу

кезеңінде Қазақстан сыртқы қатерлерді жеңу үшін қиын кезеңдерді бастан өткерді.

Уақытылы әрі ауқымды қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар экономиканы

сауықтырды, еліміз ЖІӨ өсімінің4% траекториясына сенімді түрде шықты.

Сонымен қатар, 2017 жылы шикізаттық тауарларға баға өсімі

қалпына келді. Дамыған да, дамушы да елдердің экономикасының өсімі жеделдеді.

Соған қарамастан, әлем экономикасы инклюзивті өсуге әлі

қол жеткізбеді. Дүние жүзінде экономикалық белсенділіктің қайта жандануына

қарамастан, аталған беталыстың тұрақтылығына қатысты қауіп сақталып отыр.

Мәселен, АҚШ ФРЖ негізгі мөлшерлемесінің көтерілуі 2018-2019 жылдары дамушы

нарықтардан 70 млрд. доллар қоржындық инвестициялардың жылыстауына әкелуі, бұл жаһандық

экономиканың өсіміне теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Экономикалық процестерді саясиландырудың тереңдеуі және

геосаяси шиеленісқосымша сын-тегеруіндер тудырып, жаһандық экономикада тұрлаусыздықты

күшейтеді.

Әлемдік экономикадағы күрделі жағдай мен сақталып отырған

тұрлаусыздыққа қарамастан, Мемлекет басшысы 5 әлеуметтік бастаманы іске асыру

туралы шешім қабылдады, бұл қадамдар қазақстандықтардың бойында ертеңгі күнге деген

сенім ұялатып, өмір сүру сапасын арттырады.

 

 

___________________

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст