Көкшетау қаласы білім
бөлімінің «№
15 жалпы білім беретін негізгі мектебі»КММ
мемлекеттік қызмет
көрсету саласындағы
қызметі туралы 2017 жылдың жария талқылау үшін
есебі
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Тізілімі 4 қызметті қамтиды:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
Өткен 2017 жыл кезеңінде барлығы 16 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
І «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» АҚ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.
1. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1
ІІ. ЭҮП (электрондық үкімет порталы) -жоқ
III. Қағаз түрінде-15.
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту
үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау -15
Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халыққа қолжетімді және ақпараттандыру үшін мектеп фойесінде көрнекі ақпарат стендте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.).
Ай сайын Көкшетау қаласының білім бөліміне 4 мемлекеттік қызмет көрсетудің
ішкі мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша
мерзімдерде бұзушылықтар болған жоқ.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша оң үрдісі байқалады, орындаушы тұлғалар мен мектеп басшының жауапкершілігі күшейтілді.
Мектеп басшысы: Хасенова М.Б.