Ақмола
облысы, Көкшетау қаласы,
«№ 15
жалпы білім беретін негізгі мектебі» КММ
Қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шарипова
Жамал Абдуахитовна
Сабақтың
тақырыбы:
Тәуелсіз Қазақстан
(пысықтау сабағы)
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өз
ойларын жеткізе біле алады, ауызекі және жазба тілде пайдалану жолдарын түсіне
біледі, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы айта алады.
Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорын байыту арқылы сөйлеу дағдысын дамыта білу,
ауызекі сөйлеу тілін арттыру, сөйлей- сөйлесе алудағдыларын қалыптастыра алады.
Тәрбиелік:өз елінің тарихын, рәміздерін құрметтеуге ,отансүйгіштікке тәрбиелеу,
Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың
түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың
әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,ыстық орындық әдісі,
топқа бөлу,тапсырмалармен жұмыс, оқу, мазмұндау т.б.
Сабақтың
көрнекілігі: Слайдтар, суреттер,тақта, конверттер,
постерлер, стикерлер,ноутбуктар.
Пәнаралық
байланыс: тарих,математика.
Сабақтың
барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
а).Психологиялық
ахуал (Оқушылар ортаға шығып,шеңбер құрып,
бір-бірлеріне, мұғалімге сабаққа сәттілік тілейді).
М: - Сен бүгін сабақта 5- деген баға ал.
- Мен
саған сәттілік тілеймін.
- Мұғалім біз сізге сәттілік тілейміз.(Соңында
оқушылар мұғалімге сәттілік тілейді).
ә) Сыныпта кезекші оқушы оқушылардың
сұрағына жауап береді.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін желтоқсанның нешесі?
- Ауа- райы қандай?
II. Үй
тапсырмасын тексеру.
"Ыстық орындық"әдісі
Тапсырма:
Отан, Елтаңба, Ту, Қазақстан , Астана туралы өлеңдерін
жатқа айту.
III.
Топқа бөлу.(шашу).
1- топ: "Отан"
2 - топ:"Туған жер"
IY.
Тапсырмалармен жұмыс.
1.
Сөйлемдерді аяқта.
Қазақстан Республикасының Президенті- Астана.
Қазақстан- қазақ
тілі.
Республикамыздың бас қаласы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- тәуелсіз мемлекет.
2. Кім
жылдам? Жуан
айтылатын сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылатын сөздерді бір бөлек тауып айту, жазу.
Отан, жер, табиғат, рәміз, ту,
мемлекет,ұлттық, күн, қыран,еркін, молшылық, тәуелсіз.
1- топ:Жуан айтылатын сөздер
2 -
топ: Жіңішке айтылатын сөздер
Y.
Сергіту сәті "Көңілді күн"биі
(Оқушылар қимыл- қозғалыс жаттығу жұмыстарын музыканың
сүйемелденуімен қайталап, орындайды).
YI.
Слайд көрсетілімі «Тәуелсіз Қазақстан»
3.
Оқулықпен жұмыс.
51- бет, 5- тапсырма.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. «Тәуелсіз»сөзі
«еркін» деген мағына береді. Тәуелсіз мемлекеттің өз туы, елтаңбасы, гимні
болады. 4 маусым – Мемлекеттің рәміздері күні. Өйткені 1992 жылы 4 маусымда
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қабылданды. Мемлекеттік рәміздерге Ту,
Елтаңба және Гимн жатады.
Мемлекеттік Тудың авторы – суретші Шәкен
Ниязбеков.
Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек
Мәлібеков, Шот – Аман Уәлиханов.
1топ: Мәтінді оқу 2 –топ: Мәтінді
мазмұндау
4. Тақтамен
жұмыс.
1- топ: мемлекет- сөзіне фонетикалық талдау жаса.
2 - топ:Отан - сөзін тәуелде.
5.
Постермен жұмыс "Қазақстан"сөзіне
сөздер жазып, бір оқушыдан тақтаға шығып
, жұмыстарын қорғау.
YII.
Сабақты бекіту, қорытындылау.
а) Сұрақ - жауап
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Сенің Отаның қай жер?
- Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Қазақстанның табиғаты қандай?
ә) Мақал- мәтел айту.
YIII.Үй
тапсырмасы:1. "Қазақстан"туралы шағын әңгіме
жазып келу.
IX.
Рефлексия
(Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, көңіл-
күйлерін стикер арқылы бағдаршамға жапсырады).
Жасыл
түс- өте жақсы.
Сары
түс- орташа.
Қызыл
түс- түсінгенім
жоқ.
Бағалау.
«Отан»
«Туған жер»
Қазақстан
Республикасының Президенті-
Астана.
Қазақстан-
қазақ
тілі.
Республикамыздың
бас қаласы-
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі-
тәуелсіз
мемлекет.
Қазақстан
– тәуелсіз мемлекет. «Тәуелсіз»сөзі «еркін» деген мағына береді. Тәуелсіз
мемлекеттің өз туы, елтаңбасы, гимні болады. 4 маусым – Мемлекеттің рәміздері
күні. Өйткені 1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері
қабылданды. Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба және Гимн жатады.
Мемлекеттік
Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Мемлекеттік
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот – Аман Уәлиханов.
Қазақстан
– тәуелсіз мемлекет. «Тәуелсіз»сөзі «еркін» деген мағына береді. Тәуелсіз
мемлекеттің өз туы, елтаңбасы, гимні болады. 4 маусым – Мемлекеттің рәміздері
күні. Өйткені 1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері қабылданды.
Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба және Гимн жатады.
Мемлекеттік
Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Мемлекеттік
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот – Аман Уәлиханов.
Отан,
жер, табиғат, рәміз, ту, мемлекет,ұлттық, күн, қыран,еркін, молшылық, тәуелсіз.
Отан,
жер, табиғат, рәміз, ту, мемлекет,ұлттық, күн, қыран, еркін, молшылық,
тәуелсіз.