"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №15 негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа №15 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.04.2017

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

№15 жалпы білім беретін негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

         Математика           3-сынып

Тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен

шығару

       

 

 

 

 

 

Өткізген: бастауыш сынып

мұғалімі

Маемирова Т.Б.

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр

түрлі тәсілмен шығару

Сабақтың

мақсаты:

Білімділік: Көкшетау  қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен

танысу. Көкшетау қаласы  туралы

түсініктерін кеңейту, есептерді шығара отыра, оқушылардың  көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік,

терімділік қасиеттері бойынша  алған

білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың

логикалық  ойлау қабілетін кеңейту,

сөздік қорын молайту,  топпен жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз еліне,

жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін

тереңдету;

Көрнекілік: карта, суреттер, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Әдіс-тәсілдері:

сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау

Сабақтың

түрі: саяхат  сабақ

Сабақ барысы:

І.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2. Оқушылардың

көңілін сабаққа бейімдеу.

     (Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау)

3. Тіл дамыту сәтін өткізу.

    Бір, екі ,үш,

    Сынып іші тып-тыныш.

    Жалқаулықты тастаймыз,

    Сабақты біз бастаймыз.

ІІ.

Үй тапсырмасын тексеру:  

-        

Оқушылар

үй тапсырмасына қандай тапсырма берілді?

(Оқушылар

берілген үй тапсырмасын айтып, мұғалім үй тапсырмасын тексереді)

Көбейтудің

неше қасиеті бар? 3 қасиеті

Ауыстырымдылық

қасиеті:     a   b = b   

a

         

Үлестірімділік қасиеті:  (a + b) ·

с = а · c + b · c

           Терімділік

қасиеті:  (a · b) · с = (a · с) · b

Балалар сендерге бүгінгі

сабаққа  Көкшетау қаласының  көрікті жерлері туралы мәліметтерді біліп келу

тапсырмасы берілген болатын.

 

 

 

ІІІ.

Жаңа сабақ:  «Көкшетауға саяхат» 

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат

сабағы. Әсем қаламыз, туған қаламызға саяхатқа шығамыз.

- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не

болуы керек?

- Карта.

- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат

картасын таратып беремін.

- Балалар, бір - біріңе жұмыс алдында не

тілейсіңдер?

( оқушылар  бір - біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік

деген тілектер айтады)

Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан,  түрлі тапсырмалар орындаймыз.

Саяхат картасы

1. Ш.Құсайынов

атындағы қазақ музыкалық драма-театры

2. Мағжан  Жұмабаев атындағы облыстық  әмбебап кітапханасы

3. «РИО» ойын-сауық орталығы

4.  Көкшетау

саябағы

5. Мәлік Ғабдуллин атындағы музей

Лимузин көлігімен Көкшетау қаласын

саяхаттаймыз. Ал, дайынбыз ба?

№1 есеп Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма-театры

а) Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік

қасиетін пайдалана отырып есепте

2 х 6 х 8 х 5 = ( 2 х 5) х  (8 х 6) = 10 х 48 = 480

3 х 2 х 9 х 5 =  ( 2 х 5) х 

(3 х 9) = 10 х 27 = 270

12 х 40 = 

480                       6 х

45=  270

40 х 12 = 

480                       45 х 6

=  270

5 х (20 х 8) =  (5 х 20) х 8 =  100 х 8 = 

800

2 х (9 х 50) =  (50 х 2) х 9 =  100 х 9 = 

900

 ә) 6 х

10 х 6  = 

(6 х 6) х 10 =  36 х 10 =  360

     4

х 2 х 10 =  (4 х 2) х 10 =  8 х 10 = 

800

     5

х 10 х 4 =  (5 х 4) х 10 =  20 х 10 = 

200

     10

х 7  х 7 =  (7 х 7) х 10 =  49 х 10 = 

490

6 х 3 х 10 = 

(6 х 3) х 10 =  18 х 10 =  180

6 х 10 х 5 = 

( 6 х 5 ) х 10  =  30 х 10 = 

300

8 х 10 х 9 =  ( 8 х 9) х 10 

=  72 х 10  =  720

3 х 7 х 10 = 

( 3 х 7) х 10  =  21 х 10 

=  210

4х 10 х 4= 

( 4 х 4) х 10 =  16 х 10 =  160

 

 

 

№2 есеп Мағжан  Жұмабаев атындағы

облыстық  әмбебап кітапханасы

Ұшақтың жүк бөліміне спорттық командалардың

сөмкелері тиелді. Бес команданың әрқайсысының құрамында 8 адамнан бар.

Команданың әрбір мүшесінің массасы 20 кг-нан сөмке бар. Барлық жүктің массасы

қандай?

5 х 8 х 20 = 40 х 20 = 800

Жауабы: жүктің массасы 800 кг.

 

Сергіту сәті:  «РИО» ойын-сауық орталығы

 

№3 есеп Көкшетау саябағы

Бір тақтатастың массасы 2 кг. Төселген барлық

тақтатастың массасын есептеп шығар

5 х 10 = 50                              4 х 6 = 24

50 х 2 кг = 100 кг                   24 х 2 кг = 48 кг

 

№4 есеп Мәлік Ғабдуллин атындағы музей

Әрқайсысы 12 данадан қарындаш салынған

бумалар қораптарға жиналды. Егер қорапқа әрқайсысында 5 данадан 4 қатар бума

салынған болса, қорапқа неше қарындаш сияды?

Шешуі: 12 х 5 х 4 = 12 х 20  = 240

Жауабы:  240 қарындаш сияды.

 

ә) Наурыз мерекесіне үш сыныптың қыздарына

арнап ұлттық көйлектерге тапсырыс берілді. Тігінші бір көйлек  тігуге 4 м мата жұмсады. Әр сыныпта 15 қыздан бар.

Неше метр мата қажет?

Шешуі: 15 х 3 х 4  = 180

Жауабы: 180 метр мата қажет

 

№5 есеп  Бурабай спорттық комплексі

Кесте бойынша өрнектер құрастыр. Олардың

мәнін тап.

Қосылғыш

7 х 30

50

2 х 20

19 + 6

625 + 175

Қосылғыш

30 х 6

60 х 5

360 : 60

250 : 50

200

Қосындының мәні

 

 

 

 

 

 

Азайғыш

1000

6 х 30

800

450 + 450

920 – 720

Азайтқыш

70 х 3

160 : 40

800 : 2

400 х 2

150 : 3

Айырманың мәні

 

 

 

 

 

 

7 х 30 + 30 х 6 = 390                                           1000

– 70 х 3= 790

50 + 

60 х 5 =  350                                               

6 х 30 – 160 : 40 = 176

2 х 20 + 360 : 60 = 46                                          800 – 800 : 2 =

400

19 + 6 + 250 : 50 =  30                                        450 +

450 - 400 х 2 = 100

625 + 175 + 200 =  1000                                       920 –

720 – 150 : 3 = 15

Үйге тапсырма: №6, 7 есептер.

Бекіту:

- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.

- Саяхат сендерге ұнады ма?

- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды

кезеңіне де, келіп жеттік.

Бағалау.

Ал енді балалар қаламызға қайту үшін әрі біздің

бүгінгі келген қонақтарымызға арнап, «Жаса, жаса, Көкшетауым!»


Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст