Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
№15 жалпы білім
беретін негізгі мектебі
Сауат ашу 1-сынып
Тақырыбы: : Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Өткізген:
бастауыш сынып мұғалімі Хайнолла
З.З
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Мақсатым:1)оқушыларға қазақ
халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;
2)ата-анамен
тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты
сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.
Барысы:
1-оқушы :
Ата салтым
–асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың
жалғастырар арманын.
Сан
ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді
бүгінменен жалғадым.
2-оқушы:
Қазағымның
салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой
сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді
ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты
үлкен, кіші, балдырған.
3-оқушы:
Жиналыппыз,сәтті
күні бәріміз де,
Үлкен,
кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіңіз,қадірменді
қонақтар,
Гүл-гүл
жайнап мына біздің төріміз.
Өнер
халық- өміршең халық,қазақтың әдет-ғұрпына,салт-дәстүрлеріне бағытталған
«Салт-дәстүр-асыл қазына»атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Тәрбие
сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.
Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты
тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
Тәрбие дәстүрі.
Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне,
тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы
жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше
салттарын атап өтсек.
1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің
құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.
2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін
әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік
қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны
ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып
дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін
тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Сергіту сәті
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала,
балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан
арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топпен жұмыс
Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану
мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер
мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге
қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл,
тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды
да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны
«кекіл»дейді.
Ойын
Рефлексия. Қорытындылау.
Үйге тапсырма. Қазақ халқының салт – дәстүрлері
мен әдет - ғұрыптарын басқа халықтардың әдет - ғұрыптарымен салыстырып, қосымша
материалдар жинақтау