26.04.2017 жылы №15жалпы білім беретін негізгі мектебінде 7 «Ә» қазақсыныбында «Ақталған есімдер» саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері атты ашық сыныптан тыс іс – шара өтті.
Сыныптан тыс іс – шараныңмақсаты: оқушыларға ХХ ғасырда қазақтар көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп
атылған қазақ интелегенциясы, қоғам қайраткерлері туралы түсінік беру,еліміздің репрессия жылдары талай қиыншылықты басынан өткеріп жеткенін түсіндіру, Отанға, елге, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
Сабақ барысында оқушылар жаңатерминдермен танысып, түсінік алды. Саяси қуғын-сүргіннің себебі, сипаты,
салдары аталып, сұрақтарға жауап берді.
Сабақ соңында «Қазақ қасіреті» атты видеоролик көрсетілді.
Бекіту кезеңі бойынша сұрақтарға жауап берді, сабақ өте қызықты, тартымды өтті.
Кері байланыс жасалды.
1. Бүгінгі сабақта мен үшін жаңа болған идеялар.
2. Маған ұнаған идеялар.
3. Менің көңілімнен шықпаған тұстары.