Текст
Гүл - әдемілік өлшемінің шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.
6 маусым күні «Жұлдыз» мектеп лагері «Гүлдер күніне» арналды.
«Радуга», «Пузыри», «Улыбка» топтарының арасында «Гүлдер күніне» арналған жалпы лагерлік іс-шаралар жүргізілді. Гүлдер мерекесінде балалар өздерінің шығармашылығын көрсетті. Сүйікті гүлдерін суретке салды. Гүлдер бойынша әңгімеледі. Таңғы жаттығулар жасады. Түскі ас ішті.