"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №15 негізгі орта мектебі" КММ
КГУ "Основная средняя школа №15 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ізденіс пен тәжірибе"

16.11.2018

Ізденіс  пен  тәжірибе

Жаңартылған  білім  мазмұны  туралы ой  қорытындымды , Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтің  мынадай сөзімен  бастасам: «Табысты  болудың ең  іргелі, басты  факторы білім  екенін  әркім терең  түсінуі  керек. Жастарымыз  басымдық беретін  межелердің  қатарында білім  әрдайым  бірінші орында  тұруы  шарт.» Мұғалім  еңбегі жоғары  деңгейдегі  ұтқырлығымен, күрделілігімен  және жан-жақтылығымен  ерекшеленеді, бұл  оның терең  және  кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын  қажет  етеді. Балаға саналы  да  , сапалы білім  беруде  жаңартылған білім  мазмұны  аясында мұғалімдер  талмай  ізденіс үстінде  болары  хақ. Бұл ретте  оқушылардың функционалдық  сауаттылығын  жүзеге асыру,критериалды  бағалау  жүйесі аясында  оқушылардың  білім сапасын  көтеру, сабақ  беру ерекшеліктері, озық технологиялар  бойынша  сабақ құрылымын  жобалау, оқушының  табысты әлеуметтенуі,  мектеп  пен ата-ана  арасында  серіктестік орта  құру  тағы басқа  мәселелер  бойынша мектепаралық  тәжірибе  алмасулардың пайдасы  өте  зор. Ізденіс пен  тәжірибе  ұстаз келбеті  мен  шеберлігін шыңдай  түсері  сөзсіз.

 

Көкшетау  қаласындағы 

№15 ЖББ  негізгі  мектебінің 

бастауыш  сынып 

мұғалімі  Мурат  Айсауле.

 

 

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст