Текст
14.04.2026
№15 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында ғылыми жоба байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысып, өздерінің ғылыми ізденістері мен шығармашылық жобаларын ұсынды.
Байқау барысында әрбір жоба мазмұнының өзектілігімен, ғылыми жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Қатысушылар өз жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, қазылар алқасының сұрақтарына нақты әрі толық жауап берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік деп танылған жобалар арнайы дипломдармен және марапаттармен атап өтілді.
Аталған байқау оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
