31.03.2026
№ 15 негізгі орта мектебінің «Наурызнама» онкүндігінің есебі.
2026 жылғы наурыз айында №15 негізгі орта мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Наурызнама» онкүндігі өткізілді. Іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі тәрбиелік және танымдық шаралар ұйымдастырылды.
Онкүндік барысында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты концерт, сынып сағаттары, кітап көрмесі, ұлттық тағамдар күні өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
14-наурыз мерекесі қарсаңында біздің мектепте Көрісү күні өтті. Бейнероликте оқушылар бір-бірімен сәлемдесіп, күлімсіреп, жақсы көңіл-күй сыйлайды.
https://www.instagram.com/reel/DV44LLLCNkx/?igsh=MXhraDhoOHNsZWlz
15-наурыз Қайырымдылық акциялары өткізілді. Жалпы, іс-шаралар жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың ұлттық мәдениетке қызығушылығы артты. «Қамқор» жобасы аясында «Жақсылық жасап жарысайық» атты челлендж ұйымдастырылып, белсенді түрде өткізілді.Аталған челлендждің негізгі мақсаты – мейірімділікке, жанашырлыққа, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарды нығайту. Күнделікті өмірде кішкентай болса да игі істер жасалып, жақсылықтың жарқын үлгісі көрсетілді.Жылы сөз айту, көмек қолын созу, үлкендерге құрмет көрсету – шынайы жүректен шыққан әрекеттердің айқын көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы жауапкершілік пен ізгілік қасиеттері нығая түседі.
#шынжүректенакциясы #адал_азамат https://www.instagram.com/reel/DVZFi_ejdD5/?igsh=bWlkbjg3MWExdmVp https://www.instagram.com/p/DV5fU3GjQxD/?img_index=1&igsh=MTc5Mmc2YmV4cW5laQ==
16-наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні. Тұсау кесу дәстүрі — қазақ халқының ең көне әрі мағыналы салттарының бірі. Бұл дәстүр сәби тәй-тәй басып, алғаш қадам жасай бастағанда өткізіледі. Оның негізгі мәні — баланың өмір жолы ашық, қадамы нық, болашағы жарқын болсын деген тілек білдіру.Бұл дәстүр — тек қуаныш қана емес, тәрбиелік мәні зор рәсім. Ол арқылы үлкендер ұрпаққа жақсы тілек, дұрыс бағыт-бағдар береді. Тұсау кесу — ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, ұрпақ сабақтастығын жалғайтын маңызды салт.
https://www.instagram.com/reel/DWLDM3-CIfK/?igsh=MXJrYXM0eTVoaXl4Yw==
Күй акциясы» аясында 9 «Ә» сынып оқушысы Асқар Алдияр «Ерке сылқым» күйін орындап, ұлттық өнерімізді дәріптеп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
🎶 #күй #күйакциясы @bilim_bolimi_kokshetau https://www.instagram.com/reel/DWDr7EEDf7N/?igsh=ZzFpYWM4bWx2cmRu
17-наурыз мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ерекше маңызы бар Шаңырақ күні кең көлемде аталып өтті. Бұл күні мектеп ұжымы мен оқушылар қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырды.Мерекенің басты көрінісі ретінде мектеп ауласында киіз үйдің шаңырағы көтеріліп, оның құрылу рәсімі өткізілді. Шаңырақ – қазақ халқы үшін отбасының, бірліктің, ынтымақтың және берекенің символы. Оқушылар шаңырақтың қалай құрылатынын тәжірибе жүзінде көріп, оның әр бөлшегінің мағынасы туралы мағлұмат алды.Бұл күн оқушыларға ата-баба мұрасын құрметтеуді, ұлттық рухты сақтауды және бірліктің қадірін түсінуді үйретті. Шаңырақ күні – тек мереке ғана емес, ол ұлттың болмысын танытатын маңызды тәрбие сағаты болды.
https://www.instagram.com/reel/DV_Y8VuiDdw/?igsh=MWNlN3B1bjFnYm5kYQ==
18- наурыз ұлттық киім – өткеннің ізі ғана емес, бүгіннің сәні . Өз тамырыңды ұмытпай, ұлттық нақышты күнделікті өмірге енгізу – нағыз рухани байлық.Бүгін біз ұлттық киім арқылы мәдениетімізді дәріптеп, дәстүрімізді жаңғыртамыз
https://www.instagram.com/reel/DV-OIMLCLtp/?igsh=OGdkZmFpZzk3NW56 https://www.instagram.com/reel/DWCQVcajeli/?igsh=ZXRweWU0aGk1aWE4 https://www.instagram.com/reel/DWBapwGjR9M/?igsh=dmVyNmVpNjdoc3J6
19 наурыз — Жаңару күні Бұл күн – жаңа бастамаларға, таза ойларға және жарқын үміттерге жол ашатын ерекше күн. Табиғатпен бірге жаңарып, жүрегімізді мейірім мен жақсылыққа толтырайық 🌿 Жаңа күн — жаңа мүмкіндік! Әр шаңыраққа береке, әр жүрекке жылу тілейміз
💫 #адал_азамат #жаңарукүні @bilim_bolimi_kokshetau https://www.instagram.com/reel/DWESfziiHnX/?igsh=MWR4NGRueDE4b2I4ZA==
Ұлттық спорт күні – Ұлттық спорт күні Қазақстанда жыл сайын атап өтілетін мереке. Ол халықтың дәстүрлі ойындары мен спорт түрлерін дәріптеуге арналған. https://www.instagram.com/reel/DWGHbPqDfBw/?igsh=MWVtdndtOWdpcnNqNA==
21- наурыз Ынтымақ күні "№15 негізгі орта мектебі" КММ Hab"Шағалалы" волонтерлік қоғамдастығын Наурыз мерекесімен мектеп директоры Ауесханова Г.С. ұжыммен құттықтап барды.Ынтамығымыз жарасқан күндер көп болсын! Даналық мектеп Әжелер,жеңгелер кеңесі ән айтып,жақсы көңіл-күй сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DWI9jhoDZpi/?igsh=N3Z6a3g2ZDgxajA2
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д. А. Әкімов Чайкино кентінде №15 негізгі орта мектебінде өткен Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын жарқын концерттік бағдарлама ұсынды. Қонақтар Наурыз мейрамына тән көктемгі жаңару, бірлік пен ізгілікке толы ерекше атмосфераны сезінді. Д. А. Әкімов педагогикалық ұжым мен оқушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады. Мерекелік іс-шара жылы әрі достық жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DWD-qryCLmI/?igsh=MWx4angwenZlMGo5bw==
23 наурыз – Наурызнаманың соңғы күні, Тазару күні. Бұл күні адамдар үйлерін, айналасын тазалап қана қоймай, жан дүниесін де тазартады. Реніштер ұмытылып, адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды. Жақсылық пен мейірімділікке толы бұл күн жаңа өмірдің, жаңа бастамалардың белгісі болып саналады. Тазару күні – өткенді артта қалдырып, болашаққа таза ниетпен қадам басатын ерекше күн.
https://www.instagram.com/reel/DWOjfH5jSzF/?igsh=MXNnZWs5MXZxczJ2YQ==