"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №15 негізгі орта мектебі" КММ
КГУ «Основная средняя школа №15 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау школа управления образованием Акмолинской области»

2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат

31.03.2026

📢 Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары! 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен таныс болыңыздар 👇

📌 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес, биыл 1-сыныпқа өтініш беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.

📅 НЕГІЗГІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 🗓 Ақмола облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымнан 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде ата-аналар (заңды өкілдер) белгіленген тәртіп бойынша өтініш тапсыра алады. Қосымша қабылдау тек бос орындар болған жағдайда жүргізіледі.

📲 Өтініш беру тәсілі: Өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады:

egov.kz 📄 Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар:

✅ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;

✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;

✅ № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты (2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);

✅ № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;

✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).

🔎 Маңызды: 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

⛔ Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері: – сынып-жиынтықтардың толып кетуі; – ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің дұрыс еместігі.

☎️ Қосымша ақпарат алу үшін: "Көкшетау қаласының №15 негізгі орта мектебі" КММ-не, Чайкино кенті, Парковая көшесі, 12 мекенжайы бойынша немесе

📞 41 00 08 нөміріне хабарласа аласыздар.

📌 Құрметті ата-аналар, құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруды сұраймыз!

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Тілді ауыстыру

Текст